2021 жылдың басында болатын Мәжіліс пен Мәслихат сайлауының уақыты жақындаған сайын «Тойдың болғанынан боладысы қызық» атты комедиялық шыжық-быжық былығып бастан шіріп жатыр. Қазақты қазақ қылған ең үлкен еңбек – Керей, Жәнібек, Қасым және т.б. хандардікі. Қурай өспейтін қу далада, ойдан-қырдан жиналған тобыр елді тас түйін біріктіріп, бүгінгідей жер аумағы әлемде 9-шы орынды алатын үлкен елге айналдырды. Сол хандарымыз сүйенген мемлекеттік жүйе «Хан мен 40 уәзір», Ата Заңы (Конституциясы) «Жеті Жарғы» деп аталғаны ауыз әдебиетімізден белгілі. Қазақстанның бүгінгі мемлекеттік жүйесі адам түсінбейтін быжықы-тыжықы бірдеме. Осы уақытқа дейін сайланған депутаттар қалғып-мүлгіп отырып мыңдаған заңдарды қабылдады, Ата Заңымызды мың өзгертті. Одан қазақтың оңып, шалқып бай болып кеткенін көрсем көзім шықсын. Бүгінгі депутаттыққа үміткерлердің жалғыз пиғылы – жылы ғимараттың ішінде қалғып-мүлгіп отырып, бас деген түймелерді басып, миллион теңге жалақы алып отыру. Қоңыз теріп жүрген қазақтың жағдайын ойлайтын ешкім жоқ. Халық байғұстың ойлануға уақыты жоқ. Шұрқырап ашыққан қарнымды қалай тойдырамын деп ұлып жүр. Сенбесеңіз көшедегі кез келген қазақтан мыңдаған заңдар былай тұрсын, ең басты Ата Заңымыздың қай бабын білесің? – деп сұрашы. Сол жеткілікті. Қазақты алда күтіп тұрған апаттың сұлбасы айқындалып шыға келеді. Біздерге қазір «нансоғар» жүздеген-мыңдаған депутаттарды емес, қазақты мына сорлылықтан сүйреп шығаратын «Нағыз Хан мен қырық уәзірді» сайлайтын ҮЛКЕН БІР САЙЛАУ өткізу керек...
417-ші Қара пайым-сөз: Қазақтың ежелгі «Хан мен 40 уәзір – мемлекеттік жүйесі» ең Әділ жүйе болған еді...
23 декабря 202023 дек 2020
1
1 мин