Оқушы қыз құрсағындағы сәбиден құтылу үшін ішіне пышақ сұққан Ресейдің Омск облысында жүкті қыз ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ол құрсағындағы нәрестеден құтылу үшін өзінің ішіне пышақ сұққан деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ. 17 жастағы оқушы қыз жүктіліктің 24-26 аптасында болған. Ауруханада есін жиған ол дәрігерлерге пышақтың үстіне абайсызда құлақ кеткендігі жайлы айтқан болатын. Бірақ дәрігерлер оның айтқан сөзіне сенбеген. Дәрігерлер қызды да, нәрестені де аман алып қалды. Белгілі болғандай, оқушы қыз үлгілі отбасыдан шыққан. Алайда, әкесі жайлы еш ақпарат айтқысы келмеді. Қаланбаған жүктілік болғандықтан, оқушы осындай әдіспен нәрестеден айырылғысы келді деген күдік бар.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/sha/okushyi-kyiz-kursagyindagyi-sabiden-kutyilu-ushn-shne-pyishak-sukkan-110694/?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.com
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі