Астанадағы «Барыс-Аренаны» хоккей жанкүйерлерінің бәрі біледі. Алайда оның ресми атауы олай емес екенін біреуі білсе, біреуі білмес. Сосын жаңа нысанда бір емес, екі бірдей мұз айдыны, сондай-ақ, Олимпиада талаптарына толығымен сай келетін бассейн де бар. Ондай бассейін Орталық Азияда біреу ғана. ҚазАқпарат тілшісі «Астана ғимараттары» атты арнайы жоба аясында «Барыс-Аренаны» аралап, осы жерде болған маңызды оқиғаларды еске алды. Дамир Рыспаевтың үздік жекпе-жектері де назардан тыс қалмады.