Жаз келе шомылу мен күнге қыздырыну маусымы басталады. Әсіресе күнге қыздырынуға асығатын жандарды жиі кездестіреміз. Күнге қыздырыну – жүрек қан тамырлары мен жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, зат алмасу реттеледі, асқа тәбет ашылады, т.б. Сонымен қатар ағзада Д дәрумені көбейеді. Алайда адам терісінің тез күюі және қандай дәрежеде күюі денсаулықтың зор болуына ықпал ете бермейді. Күнге біртіндеп күйген жөн. Бірінші күні тікелей түскен күн сәулесінің астында 10-15 минуттан артық болмау керек. Ал қоңыржай климатты аймақтан келген демалушылар алғашқы күндері арнайы қалқан көлеңкесінде немесе күн сәулесінен қорғайтын қолшатырдың астында болғаны дұрыс. Жалпы күн астында күю уақыты 1-1,5 сағаттан аспауы керек. Тамақтан соң 1 сағаттан кейін ғана күнге қыздырынуға болады. Ашқарынға, не тамақатанар алдында күнге қыздырынуға болмайды. Күн астында ұйықтауға болмайды. Жай қыздырынып жатқанның өзінде басты орамалмен көлегейлеген дұрыс. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен көздің шырышты қ