Ұрланған байлықтар мен оның айналасындағы дау-дамаймен көптеген қылмыскерлер тарихта қалды. "Атың шықпаса жер өрте" дейді. Біріне адам сенгісіз ақшаларды қамырдан қыл суырғандай мінсіз етіп ұрлаудың сәті түссе, енді бірі өзінің күлкілі әрекеттерімен масқара жағдайда ұсталып жатты. Төменде осы сынды қызықты мәліметтердің бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз. • Анық дәлелдер және құжаттар сақталып қалған һәм толық ашылған алғашқы үлкен ұрлық ретінде 1831 жылдың 19 наурызында Нью-Йорктегі «City Bank»-тен ұрланған 245 мың долларды айтуға болады. Қазіргі күнде онша көп еместей көрінетін бұл қаржы, сол дәуірде өте көп ақша саналатын. Себебі, АҚШ-тықтардың орташа айлығы сол кезде 30-40 доллар еді. Көп уақыт өтпей қылмыскер ұсталды. Ақшаның көп бөлігі банкке қайтарылған. Ал қылмыскер – ағылшындық Эдвард Смит темір тордың арғы бетінде 5 жылын өткізуге мәжбүр болды. • 1963 жылғы ұрлық тіпті қызық. Ол уақытта ақша емес, алтын емес пойыздың бүтін 2 вагоны ұрланған. Ал пойыз Англиядағы каролдік