Өмірде кездесетін көп аурулардың бірі - адам басының айналуы, ауыруы, сақинасының ұстауы. Бұл ой жұмысымен, яғни шығармашылықпен, ғылыммен айналысатындарда да, көп балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілер мен мұғалімдерде де, қартайған кісілерде де жиі кездесетін сырқат. Оны дәрі ішіп те, халық емін қолданып та, таза ауада серуендеп те айықтыруға болады. Ең бастысы, асқындырып алмау.
Бас айналу. Бұл оқтын-оқтын адам басында пайда болатын, кейде бірнеше күнге, немесе аптаға созылатын дерт. Бас қатты айналғанында, адам әлсіреп, тәлтіректейді, лоқсиды әйтпесе құсады. Сол кезде сырқаттың өңі қуарып, денесінен суық тер шығады, бойы қалтырайды. Бас айналу ауруының басты себептері: ішкі құлақ пен мидың зақымдануы, көздің дертке ұшырауы тағы да басқа жағдай-лар. Адамдар кейде тұрған қалпын кенеттен өзгерткенде (шыркөбелек айналған-да, тік өрге шыққанда, тездетіп төмен түскенде), олардың басы айналады. Ол ортаңғы, ішкі құлақтың қабынуынан. Ми тамырлары дұрыс жұмыс істемесе де бастың айналуы мүм