Желіде Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. Жұлдыз Әбдікәрімова той кезінде болған қызықтары туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. “Мен үшін үйлену тойымыз бір қойылым секілді өтті де кетті. Себебі, некемізді қиятын АХАЖ бөлімінің қызметкері тойымызға келмей қалды. Ол жағдайды естіген Ғ. Мүсірепов атындағы ТЮЗ- дің әртістері, әрі сол кездегі менің әріптестерім аяқ асты өздері нике қию рәсімін ұйымдастырып жіберді. АХАЖ қызметкері рөлінде Жібек Бектемірова апамыз біздің некемізді салтанатты түрде қиып, рәсімді жақсылап тұрып өткізіп берді. Лидия Кәденова апамыздың әні мен биінің өзі бір қойылым. Айдос Бектеміров ағам мен Айгүл Иманбаева әпкеміз “Қыз Жібек” спектаклінен ария орындап естен кетпес қуаныш сыйлаған. Кәсібиліктің шыңы деген сол шығар. Сонымен не керек би де, тілек те, ойын да, ән де, сыйлық та, тіпті “Ешкімге көрсетпеймін” әніне бейнебаянды да түсіріп тастадық. Ал, ол бейнебаянды
10 жыл бұрын: Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды
28 апреля 201828 апр 2018
1744
1 мин