Үндістанда аюмен селфи жасағысы келген такси жүргізушісі қайтыс болды. Бұл туралы Odisha Sun Times сайты жазады, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Елдің шығысындағы Орисса штатында Прабху Бхатара (Prabhu Bhatara) қонақтарды тойдан алып келе жатып, жолдың шетінде отырған жарақаты бар аюды көреді. Таксист жануармен суретке түсу үшін көліктен түседі. Бірақ аю оны көтеріп тұрып, жерге лақтырған.
Оқиғаны көргендер Бхатараға көмектесе алмады. Олардың бірі аюға ауырлау затты лақтыруға тырысады, бірақ жануар одан сайын ашуланады. Таксидегі жолаушылар орманшыларды шақырады. Дегенмен жүргізуші олар келгенше қайтыс болады. Ал аюға бұдан кейін не болғаны белгісіз.