Қырғызстанның Ош қаласында 24 жастағы бойжеткенді бір жыл бойы зорлап келген азамат құрықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24 жастағы бойжеткен бір жыл бойы зорлыққа ұшырап келгенін айтып, милицияға шағым түсіреді.
Ер адам бойжеткеннің интимдік видеосын қолға түсіріп, өзімен жыныстық қатынасқа түспеген жағдайда оны желіге жариялап жіберемін деп қорқытыпты.
Соңғы рет 27 сәуір күні өзен жағасында зорланған бойжеткеннің шыдамы таусылады. Қорлыққа төзуге күші қалмағанын сезген ару милицияға жүгінген.
28 сәуір күні 26 жастағы күдікті қамауға алынды. Алайда кейін бойжеткеннің өтінішімен қайтадан бостандыққа жіберілген.