Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» мәселесі көтерілді. Осыған орай Ұлттық Банк «7-20-25» формуласы бойынша бағдарламаны әзірлеуге кірісті. Ол көпшілік үшін түрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Аталған жүйемен ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығынан бастап баспана алуға өтініш беру басталады. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлім етті. Оның айтуынша, Ұлттық Банк Елбасы айқындаған талаптар бойынша жылдық 7 пайыздық үстемесімен 20 пайыз бастапқы жарна төлеу арқылы 25 жыл уақытқа баспана беру бағдарламасын әзірлеп, Үкіметке ұсынатын болады. «Ұлттық Банк бағдарламаны іске асырудың төрт негізгі кезеңдерін айқындады. Бірінші кезеңді іске асырған кезде банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін барынша іске қоса отырып, ипотекалық кредиттердің қаржы тарту тетігін қалпына к