Айтыскер Сара Тоқтамысова туған күнін атап өтті. Сараның туған күніне құрбылары қазақы нақышта киініп келді, деп жазады Today.kz.
«Бірауыз тілекке, ыстық ықыласқа, жылы лебіздерге оранған керемет кеш болды! Арнайы Алматыдан, Ақтөбеден, Ақтаудан, Қарағандыдан келген достарыма, Астанадан үйдегі шаруаны тастай салып, құрметтеп келген жақсыларыма мың алғыс! Бір-біріміздің қуанышымызды бөлісіп, жақсылығымызға ортақтасып жүргенге не жетсін шіркін… Кешелі бері тілектерін аямай жазып жатқан менің құрметті инста достарым сіздердің әрқайсыларыңыз жақсы көремін, алтын бастарыңызды бағалаймын! Маған тілеген тілектеріңіз өздеріңізге мың есе боп қайтсын! Бәріңізде той көп болсын!» – деп жазды Сараның өзі Instagram желісіндегі парақшасына.
Қонақтардың арасында әнші Қарақат Әбілдина, Ақбота Керімбекова, Айгүл Қосанова, айтыскер Айнұр Тұрсынбаева секілді тағы басқа танымал адамдар болды.
Сара Тоқтамысова – «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын. Соңғы кезде арнайы ән жаздырып, қыз ұзататын болып жүр.