Moldanazar тобы өзінің жаңа альбомының тұсаукесері аясында наурыз айында АҚШ-тың Нью-Йорк, Чикаго, Хьюстон және Лос-Анджелес қалаларына ресми турне жасайды. Moldanazar тобы қазақстандық эстрада өнер нарығының тарихында алғаш рет АҚШ-тың төрт ірі қаласына концерт беретін топ болып отыр. Жақында Facebook желісінде қызықты сауалнама жүргізілген. Ол жерде қолданушылардың «АҚШ-та жеке концерт беруге лайықты «Ең үздік отандық әртіс» тақырыбында дауыс беруі бойынша жеңімпаз анықталды. Нәтижесінде дауыс беруге қатысқандардың барлығы жеңіске лайықты деп «Moldanazar» тобын таңдады. Отандық шоу-бизнесте ерекше орны бар, талантты жас әнші, композитор Ғалымжан Молданазар өзінің бірегей әрі тек туған тілімізде жазылған туындыларымен Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де танылып үлгерген музыкант. Оның ойлап тапқан қазақтілді синти-поп және фанк стилі – музыка әлеміндегі жаңашылдық. Қазір Ғалымжан Молданазар «Moldanazar» тобымен жұмыс жасайды. Тарихи шоудың жүргізушісі – әзілқой-стендапер