Найти в Дзене
EL24.KZ

Төлегенмен қоштасу...

Желтоқсан... Қарып өтіп мұз жүректі,
Қайғысы қалың елді жүз жүдетті.
Қадалып улы жебе желкесіне,
Қалдырды Төлегенсіз Қыз Жібекті! 

Бекежан дүйім елді зар жылатты,
Мүлт кетпей атқан оғы дәл құлатты.
"Ақбозат, иең қайда?" деп сұрайды,
Көрген ел ойнақтаған арғымақты.

Асыл ер іңкәр еткен адамзатты,
Өткені дүйім жұртқа жаман батты,
Сумаңдап сұр жыландай суық xабар,
Сұрланған дүниеге тарап жатты.

Аққуы Ақжайықтың сұңқылдады,
Қосағын іздеп жаны бір тынбады.
Шегенің шерлі әуені төгілгендей,
Шерменде әлем бір сәт мұң тыңдады.

Жалғанның жалт етерін жан біліп пе?
Тағдыр ғой талпындырған алды үмітке.
Қоштасып әуелеген алты қазбен,
Төлеген кете барды мәңгілікке.

Опасыз осы емес пе, өлім деген,
Келгенін сезбей қалар көңіл дөнен.
Ажалдың ақ семсері қаққа жарды,
Тірлікте қос жүректі бөлінбеген.

Қош енді, Құман аға, Нар Төлеген,
Халқыңа үлгі болған мәрт өнегең!
Бекежан Қособада оқ атқанмен,
Ел-жұртың іздер сені әр төбеден.
Желтоқсан...
Қарып түсті мұз жүректі,
Өмірден із қалдырған ізгім өтті.
Япырай, қайтіп енді жұбатармыз,
Сыңсыған сыңары жоқ Қыз Жібекті?!
17 желтоқсан, 2017 жыл

СЕРІКЗАТ ДҮЙСЕНҒАЗИН
Желтоқсан... Қарып өтіп мұз жүректі, Қайғысы қалың елді жүз жүдетті. Қадалып улы жебе желкесіне, Қалдырды Төлегенсіз Қыз Жібекті! Бекежан дүйім елді зар жылатты, Мүлт кетпей атқан оғы дәл құлатты. "Ақбозат, иең қайда?" деп сұрайды, Көрген ел ойнақтаған арғымақты. Асыл ер іңкәр еткен адамзатты, Өткені дүйім жұртқа жаман батты, Сумаңдап сұр жыландай суық xабар, Сұрланған дүниеге тарап жатты. Аққуы Ақжайықтың сұңқылдады, Қосағын іздеп жаны бір тынбады. Шегенің шерлі әуені төгілгендей, Шерменде әлем бір сәт мұң тыңдады. Жалғанның жалт етерін жан біліп пе? Тағдыр ғой талпындырған алды үмітке. Қоштасып әуелеген алты қазбен, Төлеген кете барды мәңгілікке. Опасыз осы емес пе, өлім деген, Келгенін сезбей қалар көңіл дөнен. Ажалдың ақ семсері қаққа жарды, Тірлікте қос жүректі бөлінбеген. Қош енді, Құман аға, Нар Төлеген, Халқыңа үлгі болған мәрт өнегең! Бекежан Қособада оқ атқанмен, Ел-жұртың іздер сені әр төбеден. Желтоқсан... Қарып түсті мұз жүректі, Өмірден із қалдырған ізгім өтті. Япырай, қайтіп енді жұбатармыз, Сыңсыған сыңары жоқ Қыз Жібекті?! 17 желтоқсан, 2017 жыл СЕРІКЗАТ ДҮЙСЕНҒАЗИН