Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Археолог Карл Байпақов қайтыс болды

Қазақстандық ғалым , археологКарл Байпақов  78 жасында қайтыс болды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отбасы мен достарына көңіл айтты, деп хабарлайды hnews.kz «Үлкен ғалым, тарих ғылымдарының докторы, академик, Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақов қайтыс болды», — деді министр өз Facebooк парақшасында. Ашық дерек көздеріне сәйкес,   Байпақов 17 қарашада 78 жасқа толған. «Оның бүкіл өмірі — халыққа қызмет етуден тұрды. Карл Молдахметовичтің туындылары еліміздің тарихын, археологиясын және мәдениетін байытты. Жақында біз археологиялық орталықтарды зерттеудің үлкен жоспарларын жасасаған болатынбыз бірақ, өкінішке орай, орындалмады. Карл Молдахметовичтің жұмысын жалғастыру керек», — деді Мұхамедиұлы. Министр барлық ғалымның туыстары мен достарына көңіл айтты.  Байпақов 1940 жылы 17 қарашада Талғар қаласында дүниеге келді. Қазақстан және Орта Азияның ортағасырлық археологиясы саласындағы ірі маман. Отырар, Кю
©Tengrinews
©Tengrinews

Қазақстандық ғалым , археологКарл Байпақов  78 жасында қайтыс болды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отбасы мен достарына көңіл айтты, деп хабарлайды hnews.kz

«Үлкен ғалым, тарих ғылымдарының докторы, академик, Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақов қайтыс болды», — деді министр өз Facebooк парақшасында.

Ашық дерек көздеріне сәйкес,   Байпақов 17 қарашада 78 жасқа толған.

«Оның бүкіл өмірі — халыққа қызмет етуден тұрды. Карл Молдахметовичтің туындылары еліміздің тарихын, археологиясын және мәдениетін байытты. Жақында біз археологиялық орталықтарды зерттеудің үлкен жоспарларын жасасаған болатынбыз бірақ, өкінішке орай, орындалмады. Карл Молдахметовичтің жұмысын жалғастыру керек», — деді Мұхамедиұлы.

Министр барлық ғалымның туыстары мен достарына көңіл айтты.

 Байпақов 1940 жылы 17 қарашада Талғар қаласында дүниеге келді. Қазақстан және Орта Азияның ортағасырлық археологиясы саласындағы ірі маман. Отырар, Кюрюттобе кенті, Костөбе мазары, Койлы елді мекеніндегі буддистер храмы және басқа да көптеген ескерткіштерді кең ауқымды зерттеу жүргізген.

Дереккөз: tengrinews.kz