Сәлем, бүгін біз интернеттен кітапты қалай жүктеуге болады деген сұраққа жауап беретін боламыз. Әрине, жауабы оңай болып көрінеді. Google немесе Yandex секілді іздеу сервистерінен кітаптың атын жазсаң болды, шыға келеді деп ойлаймыз. Дегенмен бұл - әмбебап шешім бола алмайды. Неге десеңіз, google-ден табылған нәтижелердің 90%-ы біз сұраған нәтиже емес. Ал олардың жартысынан көбі өтірік жарнама мен вирусты программалар. Оларды байқамай орнатып алып, компьютерімізді кейде бұзып та аламыз. Сұрақтың жауабын естімес бұрын кішкене ой қозғап көрейік: "Электронды базалары әлемдегі ең үлкен кітапханаларға айналып отырған сайттарды білеміз бе?" Біз кітап жүктей алатын үздік ТОП 3 сайттарды атап өтейік. 3-орын. "nashol.com Сайтта кітаптар қоры жеткілікті, Кітап авторы бойынша, атауы немесе жылдары бойынша іздеп таба аласыз. Егер сіз іздеген кітабыңыз жайлы ақпарат білмесеңіз, кірудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені, бөлімдер бойынша топтастырылмаған. 2-орын. "alleng.ru Сайтта математикадан оры