Мен басымнан өтіп жатқан қызық жағдаймен бөліскім келеді. Тұрмыс құрғаныма биыл 6 жылдан асып барады, Аллаға шүкір 1 ұл, 1 қызымыз бар. Отбасылық өмірде түрлі жағдайлар болады ғой, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Біз басқа қалада туған туысқаннан жырақта үй жалдап тұрамыз. Мен 2 баланы босанып жұмыс жасамай үйде отырдым 5жылдай. Күйеуімді өте қатты жақсы көруші едім. Сөйтіп бір күні ақша жетпей бара жатқан соң балаларды ауылға апарып, өзім жұмысқа шықтым. Екеуміз де мемлекеттік қызметте жүрдік. Бір күні күйеуім мас күйінде машина айдағаны үшін жұмыстан шығып қалды. Содан отбасымызда кикілжіңдер көбейді, ақша жетіспеушілігі, кредит дегендей, машинасы да бұзылып, бір қырсыққа тап болдық. Жекеменшік күзет қызметіне жұмысқа кірді кейін, айлығы аз болса да үйде босқа жатпа деп мен қолға салдым. Содан ішімдікке əуес боп алды, мені жөнсіз қызғанып, ешқайда шығармай, киген киімдерімді боянғанымды жақтыртпай. Əйел заты болғасын əдемі боп жүргіміз келеді ғой. Содан күйеуіме деген ыстық сезімім