Мен бүгін сіздермен өз ішімдегі мұңымды ақтарсам деп едім. 3 баланың анасымын, отбасымның шаңырағын шайқалтқым келмейтін жандардың бірімін. Бірақ өкінішке орай, күйеуім жүріс жасайды, 2 жыл шыдап келіп едім, осы жазда біраз миымды тынықтырмақ болып, ауылыма кеттім. Жолдасым өзі менің біраз уақыт ауылда болғанымды қалаған болатын. Ол анда-санда телефон шалып қоятын, балаларын сұрайды, қашан қайтасындар деп те сұрап қояды. Біраз уақыт өткен соң, өз шешем отбасыңа қайтасың, мәселені бір жағына шығару керек деп күйеуіммен сөйлесу үшін менімен еріп келді. Ана болғасын ойлайды ғой, бұған дейін ол кісі біздің отбасымыздың мәселесіне араласпаған еді. Анам байыппен жолдасыммен сөйлесіп, " Балам, отбасыңның берекесін қашырма" деген еді. Күйеуім болса: "Маған өз отбасымнан басқа ешкімнің керегі жоқ, әйелімді, балаларымды тастамаймын" деді. Сөйтіп анам оның уәдесін алып ауылға кетіп қалды. Міне содан бері 1,5 ай өтті, бәрі жақсы болатын, уақытында үйге келіп, балаларына, маған көңіл бөліп жүрд