Амансыздар ма құрметті қауым. Сіздерден ақыл-кеңес сұрағым келіп тұр. Артық кетсем айып етпеңіздер. Мен 18 жасымда тұрмысқа шықтым. Өзімнің кездесіп жүрген жігітім алып қашты. Ол өте жақсы еді. Басында бізде бәрі жақсы болды. Ол 11 күннен соң мені тастап жұмысқа кетті, мен оны күтетінмін. Бір жаманы енем маған күн көрсетпейтін.Бір ай ішінде аяғым ауыр болды. Күйеуім естіп қуанды. Ол ұл қалаған болатын. Аяғы ауыр келіншек, өздеріңіз де білесіздер ғой, әр ай сайын тексеріліп тұру керек. Ал менде ондайга бару азап еді. Ұрыс-жанжал. Күйеуім жұмыста болатын. Енем: «Баяғыда өзіміз дәрігерге тексерілмей-ақ туғанбыз, отыр не бар, олар айта береді» дейтін. Өз баласын қорғайтын ана емес пе? Мен де әйтеуір жасырынып үйтіп-бүйтіп куйеуіме айтып, дәрігерге көрінетінмін. Күндер өтті, құрсақтағы балама бес ай болды. Дәрігерлер баламның қыз екенін айтты. Мұны естіген күйеуім өзгеріп кетті. Мен жалғыз қалдым. Барынша баламды күттім. Түнде ішімді құшақтап сөйлесетін едім. Сол кездегі кайғымды ешкім тү