5-бөлім|Елес және жолдау Кеше класс жетекшіміз "ертең бәрің әдемі боп, қыздар бантик, ұлдар галстук тағып келіңдер" - деген. Себебі бүгін маңызды күн. Облыстық телеарна бізді түсіруге келеді. Ал ондай жерде әрине біз тәртіпті, ұқыпты, ақылды балалар боп көрінуіміз керек. Апайымыз әсіресе Нұржанға: "айналайын Нұржан! Құдай үшін бір күн болса да тырнағыңды қиып, ұқыпты боп келші" - деп қадап айтты. Телеарна келіп біздің жолдауды тыңдағанымызды, сосын алған әсерімізді сұхбат қып алады екен. Менімен бірге елес те мектепке келді. Кейде елес: "ойпырмай бұрын сенімен сөйлесе алмайтын кезде қалай өмір сүргем?" - деп қояды. Мен де елеске бауыр басып, үйреніп қаппын. Жұбымыз жазылмайды. Оны адамдар әрине көре алмайды. Көрсе де көре алмайтын адамдар, елесті қайдан көрсін? Хош, сонымен бүгін атамыздың кезекті жолдауын тыңдағалы ақ бантигімізді тағып, телеарнаға үлгілі оқушылар боп келдік. Жолдау басталмастан бұрын Лихон жалынды сұхбат берді. Ол өзі білмесе де айта беретін қыз. Оған елес қатты таң