Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Көңілді көндіретін тағдыр

Сертінше әділдігін сақтар еді. Толық мына жерден оқыңыз

Жас көңілім өз еркінше жүрмек еді,
Дүниеде солай өмір сүрмек еді.
Бір алладан басқаға бас имеген,
Қалпынша қара жерге кірмек еді.

Жас жүрек жалбақтауды сүймес еді,
Үстіне рия тонын кимес еді:
Бар ғалам бір жақ болса, өзі бір жақ
Көңілдің сол қалпына тимес еді.

Жақтаса, өз еркінше жақтар еді,
Мақтаса, өз еркінше мақтар еді.
Аспаннан төбесіне оқ жауса да,
Сертінше әділдігін сақтар еді.

Толық мына жерден оқыңыз