Қай қыз - келіншек болсын ер - азаматтың бойынан көргісі келетін ең басты қасиет ол – сенімділік, тұрақтылық. Сенімділік дегеніміз бұл – толық жетілгендік. Өкінішке орай, кез келген жігітің бойынан ондай қасиетті ұшырастыра алмайсыз. Жетілу адамның жасына байланысты деп ойламаймын! Себебі жасы 20 - да болса да ақыл тоқтатқан байсалды жігіттер бар, жасы 40 - тан асса да ақыл кірмеген «есерсоқтар» бар. Жасы 40 – қа келсе де ақыл кірмеген адамға болашақта ақыл кіреді дегенге күмәнім бар!
1. Албырттық, ырықсыздық
Маңызды шешім қабылдай алмайтын адам эмоцианалды түрде жетілмеген. Өмір әртүрлі тосынсыйға толы, сондықтан жігітке салқынқанды болу жарасымды. Маңызды шешім шығару кезінде қызуқандылыққа салынып асығыс шешім шығару ақымақтық.