Найти тему
Білімділер порталы

Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий

Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс - шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады. Біздің сайт ұжымы сіздерге Мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш сценарийін ұсынады.
Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)
1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 — оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 — оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

Толық нұсқасын қарау