Найти в Дзене
Білімділер порталы

Ұстаз атты бір жан бар

Ұстаз
Заводта болсаң, күнбе - күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір - бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!
Фариза Оңғарсынова

Ұстаз бен пəн
Ұстаз атты бір жан бар,
Оқушылар ұстаздарды тыңдаңдар!
Əр күн сайын білім берер сендерге
Үйретеді өмір жайлы бұл жандар.

Өзін - өзі тану пəнін оқысаң,
Адамдықты үйретеді осы пəн,
Мейірімділік, адалдыққа баулиды
Осы пəнді санаңа сен тоқысаң.

Махаббатын оқушыға төгетін
Баласындай сені жақсы көретін
Ей - балалар! ұстаздарды сыйлаңдар
Білім нəрін сендерге кеп төгетін

"Ұстаздан шəкірт озар"
Халық сөзі емес пе
Халық айтса бекер айтпай
Тұрады екен алда есте

Ұстаздарды сыйлау, құрметтеу,
Тəрбиенің мəні екен
Үлкендерді құрметтеу
Бұл өмірдің заңы екен!
8 - сынып оқушысы
Əділбай Жəнібек Досжанұлы