Иракта осы елдің 2015 жылғы аруы атанған Тара Фаресті белгісіз біреулер атып кетті.
Оның себебі, бойжеткеннің тым ашық киінуі болуы мүмкін деп жазады Lenta.ru. Өйткені белгісіз біреулер бірнеше рет телефонына хабарласып "ашық киінуіңді тоқтап" деп қоқан лоқы көрсеткен.
Оқиға Бағдад қаласында орын алды. Қастандық өз көлігінде отырғанда жасалған. Қылмыскер оны екі рет басынан және 1 рет кеудесінен атқан. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция қастандық марқұмның кәсіптік қызметімен байланысты болуы мүмкін деп отыр.
Айта кетейік, Тара Фарес Иракта 1972 жылдан бері алғаш ұйымдастырылған арулар байқауында жеңіп шыққан болатын. Осыдан кейін бірқатар сән брендтерінің келбетіне айналды. Бірақ оның әлеуметтік желілердегі жарияланымдары қоғамда қызу пікірталас тудырып отырған.
Әлемде және еліміздегі ең өзекті жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе каналымызға жазылыңыз!