"О дүниеде, жұмақта кездескенше деп хат жазып кетті" - Ұлы Сирияға кеткен ананың зары.
45 жастағы Марат Мәуленов 2015 жылдың қыркүйек айында отбасымен бірге «Сирияға кетіп қалған.Ол түркістан облысы Қазығұрт ауылындағы Ораз Жандосов атындағы орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Марат Мәуленов үлкен баласымен Қырғыстаннан автокөлік сатып алып келеміз деп өзінің шымкенттегі үйін, машинасын және малдарын сатып әйелімен бала-шағасын алып үйінен шығып кеткен.Сол кеткеннен 1 жарым айдан соң Сирияға кіргендігін хабарлаған.
Анасының айтуынша Марат өте еңбекқор болған.Бос уақытында таксилетіп ақша тауып жүрген.Бір күні анасына намаз оқитындығын айтып күн сайын ауылындағы орталық мешітке барып жүрген. Арадан көп уақыт өтпей Марат мешіттегі молдалармен ұрысатынды шығарған.Тіпті анасының үйіне баруды тоқтатқан.
Марат соңғы сөзінде енді біз моджахед боып кеттік біз Алланың әскеріміз , Алланың сөзінде кәпірлерге соғыс аш делінген енді біз о дүниеде кездесеміз деген хат жолдаған.
Күн сайын сарайда жылаумен өткізіп жүрген ананың бауыр еті баласының әліде елге ораларына үміті үзілмеген.
Марат және оның отбасы қазір қайда және тірі ме өлі бе белгісіз!
Әлемде және еліміздегі жаңалықтардан күн сайын хабардар болғыңыз келсе каналға тіркеліңіз!