2018-2019 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
2018 - 2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2018 - 2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8 - сыныптар көшеді. 4, 9, 10 - 11 - сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Нормативтік құқықтық база
Жаңа оқу жылында:
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1 - 3 - сыныптарда білім беру процесі:
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС);
ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);