Әр адамның мінез-құлқы мен темпераменті әртүрлі. Бірақ өмірлік қағидалары мен әдеттері сол адамдарды қандай да бір топқа жіктеуге мүмкіндік береді. Сіздің жаныңызда жүрген адам қандай, Сіз қандайсыз?
1. Жел тәріздес адам бар. Бүгін – мына жерде, ертең – басқа жақта, оған қатысты тұрақтылық жоқ. Айналысатын ісі де бірі бірімен алмасып кете береді. Ол ешбір жұмысқа өзін толық арнай алмайды.
2. Гүл тәріздес адам бар. Ондай адамдарды аялау керек, мәпелеу керек, тұрмыстың кез келген қолайсыздығынан қорғай білу керек. Бірақ осы нәзіктіліктің де өзіндік кереметі бар. «Гүл» адамдардың жанында Сіз өзіңізді батыр, нағыз қорған ретінде сезінесіз.
3. Кітапхана тәріздес адам бар. Ол адамдардан қашанда тәлім алуға болады. Әсіресе шыдамдылық танытып, сәл сабырлы болсаңыз, өмірде қажетіңізге жарар жақсы кеңестер аласыз.