Қалай сүйісу керек? Осы сұрақ көптеген жастарды алаңдататыны белгілі. Бүгін біз осы сұраққа жауап іздеп көреміз. Бүгін біз қалай дұрыс сүйісу керек деген сұраққа жауап береміз. Алғашқы сүйісу қыз бен жігіт арасындағы қатынастың алға қарай болатынын немесе болмайтынын анықтайды десек артық айтпаған болар едік. Егер сүйісіп отырған екі адамға ерін тигізген кездегі сәт ұнаса бұл жақсы дегенді білдіреді. Ал егер ұнамаса, жиіркену пайда болса, онда бұл екі адамға дос болып қалып, ара-қатынасты үзген дұрыс болады деп ойлаймын. Нұсқаулық: 1. Алғашқы сүйісу - елеулі оқиға, сондықтанда оған алдын-ала дайындық жасау қажет. Ең алдымен - деміңізге назар аударыңыз. Аузыңыздан сасық иіс шығып тұрмауы керек. Егер алғашқы сүйісудің болатынын сезсеңіз ауызға шашатын арнайы таза иіс беретін спрей алып жүріңіз. 2. Ерініңізге ерін бояғыш (помада) жақпауға тырысыңыз. Себебі сүйісу кезінде помада ериді де қасыңыздағы жұбыңыздың бетіне немесе киіміне жұғуы мүмкін. Егер ерініңіз жұмсақ болсын десеңіз оны