Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады. Сіз үшін 7 арнайы тәсілін дайындап қойдық. 1. Мнемониканы пайдалану. Компьютер жады екілік сақтау жүйесін пайдаланады. Кейін ақпаратты адамға ыңғайлы түрде ұсынады. Компьютер секілді адамның миы да ақпараттарды сақтаудың өзіндік тәсілі бар. Мнемоника есте сақтау технологиясы. Керекті ақпаратты арнайы код ретінде сақтауға мүмкіншілік береді. Қиын естіледі, иә? Бірақ негізінде бәрі оңай. Ақпаратты сақтау үшін қарапайым ұйқастар мен аббревиатураларды пайдаланады. 2. Жаңа нәрсе үйрену. Жадты жақсарту үшін оны жаңартып, жиі пайдаланып отыру