Найти в Дзене

Түнгі елес

Түн. Ұйқымды бір нәрсенің дәліз бойымен жүгіріп өткен дыбысы бөлді. Ұйқылы-ояу көзімді уқалап сағатқа қарадым. Сағат түнгі 3:30 көрсетіп тұр. Бұл не болды екен? Жоқ, кім болды екен? Жаңағы нәрсе тағы жүгіріп өтті. Менің артым дірілдеп, тасым мұздап сала берді. Құдай-ау бұл не болды? Әлде күнде қорқынышты фильмдерден көріп жүрген "пәленшенің духы", елес, домовой дегендер осы болды ма екен? Өмірде шынымен де кездесетін болғаны ма? Дәл маған кездескенін көрмейсің бе?! Одан да төменгі көшедегі менен қарыз алған Ырысбекке көрінгенде ғой! Қарызын қалай қайтарғанын білмей қалушы еді-ей. Осындай ойлар мені шырмап қайта көзім ілініп бара жатыр еді, мен жатқан бөлмеге қарама-қарсы "кухнядан" шыққан тарс еткен дыбыс мені селк еткізді. Ас үйді тіміскілеп, ыдыстарды салдырлатқанына қарағанда бірнеше жыл тамақ ішпеген аш "дух" болды ғой. Ойлағанымша болған жоқ, тағы тарс етіп, артынша ыдыстың жерге түсіп, қытайлардың қойған есімдері сияқты дыбыстардан бүкіл үй жаңғырып кетті. Қой, осылай жата берсем ыдыстарымды сындырып бітіп, менің сүйектеріме көшер деген оймен кім екенін қарауға төсегімнен тұрып, есікке беттедім. Қорыққаннан аяқтарым дірілдеп, тістерім бір-біріне қайралып эмалі кетіп қалды. Дәлізге шыға бергенім сол еді, әлгі неменің ас үйден шығып келе жатқанын байқадым. Басымда екі орай... Ой бағыма орай дегенім, қасымда киімдер ілінген ілгіш болып соның артына зып бердім де сығалап қарап тұрдым. Әне, өзі де, жүзі де көрінді. "Звонок" деген кинодағы шаштары бетіне түскен әйел бар емес пе, бұл да сондай әйел екен. Тек шашы кинодағыдай алба-жұлба емес, Wash&Go-мен жуып алған ба, әйтеуір теп-тегіс. Түрін көріп жүрегім ұртыма тығылып, тынысым тарылып кете қойған жоқ. Өйткені Аружанның макияжсыз түрін күнде көріп жүрмін, мынау қасында құйня екен. Ең қорқыныштысы, аяқтары жерге тимей жүреді! Гравитация дегеніңе пысқырмайды да бұ қатын!!! Байғұс Ньютон көрінде бір аунап қалған шығар. Жаңағы әйел мені байқап қалып, жолбарыстай атылды. Жан беру де оңай емес. Бала кезімде быратаныммен 3 күн боксқа қатысқан мен де осал емес едім. "Мындагел, ссука!" деп оған қарсы шаптым. Ана әйел менің мойнымнан шап беріп, қылқындыра бастады. Көзім қарауытып, левый коронный, правый похоронный" ударларымды жасай алмастан ана өмірге аттанып бара жатқан едім, телефонның оятқышы шырылдап оянып кеттім. Түсім екенін енді біліп көңілім енді орнына түсе беріп еді, жаныма қарап қалсам шынымен қасымда бір әйел жатыр! "Аааааааааа" алды-артым жыртылғанша айғайладым. Жаңағы әйел шошып кетіп, төсектен домалап түсті. Сүйтсем бұл өзімнің Аружаным екен.

- Ақымақ, есі ауысқан, жынды неме! - деген сияқты адресіме жағымды комплименттер айтып, жастығын құшақтап мұрнының астынан бірдеңе деп күбірлеп, басқа бөлмеге тайып тұрды.

Жалғасы жоқ.