"Пара ма, сыйлық па?"...Ертеңгі алғашқы қоңырау алдында елімізде гүл саудасы қыза түсті. Сауда нүктелері мен базарларды жағалаған ата-аналар ұстаздарға ұсынатын гүл шоқтарын сатып алып әлек. Алайда, білім саласының жауапты мамандары педагогқа бағасы 4 мың 800 теңгеден асатын сыйлық жасамауға ескертеді. Тіпті, жақсылық жасаймын деген әрекетіңіздің соңы қылмыстық іспен аяқталуы мүмкін. Алайда, сатушылардың айтуынша, доллармен бірге гүлдің бағасы шарықтаса да, білім күні қарсаңында мұғалімге гүл сатып алушылардың қатары молайған.
Ал, алғашқы қоңырау алдында қалтаны да қақпай, ұстазды да ренжітпей қандай гүл сатып алуға болады? Үйдегі оқушының мектепке қажет керек-жарағын әупірімдеп жүріп түгендеген жұрт тағы да абыр-сабыр. Яғни, қаладағы сауда нүктелерін жағалаған ата-аналар ертең соғылатын алғашқы қоңырауда мұғалімге сыйлайтын гүл шоқтарын таңдап әлек. Солардың арасында немересін ерткен Күләй Кисанова да гүл саудалап жүр. Бірақ, көңіл жүйрік болғанмен, барлығын қалта шешеді дейді зей