Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Жаңбыр жаумай қалған ауылға қарақшылар не істеді?

Бұрынғы заманда бірнеше қарақшылар топтасып бір ауылда өмір сүріпті. Бір күндері олардың ауылына мүлдем жаңбыр жаумай қалады. Табиғат құбылыстары, жаңбырдың жауып жаумауы тек Алланың бұйрығымен болатынын білген қарақшылар бір қойды сүйрелеп молдаға келеді. Ассалаумағалейкум, молдеке! Аптап ыстықта аспанан тамшы тамбай, қуаңшылықтан қаңсып барамыз. Бізге қарағанда дұғаңыздың қабыл болу ықтыймалдығы көбірек адамсыз. Мына қойды құрбан етіп, Алладан біз үшін жаңбыр сұраңышы,-деп өтініштерін білдіреді. Молдекең "жарайды" деп уәдесін береді. Кешке қарақшылар өз ауылында жаңбыр күтіп жайбырақат отырса, ақ жауын көрші ауылға нөсерлетіп құйып кетеді. Аң-таң болған олар молдаға тағы бір қойын жетектеп келіп: - Молдеке, жаңбыр жауды, бірақ бізге емес басқаға бұйырды ғой! - деп, ренжіген кейіп танытады. Сосын: - Мүмкін мекенжайдан шатасқан шығарсыз. Міне, сізге тағы бір қой. Біздің ауыл әне тұр деп екінші рет ескертулерін айтып, жөндеріне кетеді. Сонымен не керек, енді анық бізге жауатын шыға

Бұрынғы заманда бірнеше қарақшылар топтасып бір ауылда өмір сүріпті. Бір күндері олардың ауылына мүлдем жаңбыр жаумай қалады. Табиғат құбылыстары, жаңбырдың жауып жаумауы тек Алланың бұйрығымен болатынын білген қарақшылар бір қойды сүйрелеп молдаға келеді.

Ассалаумағалейкум, молдеке! Аптап ыстықта аспанан тамшы тамбай, қуаңшылықтан қаңсып барамыз. Бізге қарағанда дұғаңыздың қабыл болу ықтыймалдығы көбірек адамсыз. Мына қойды құрбан етіп, Алладан біз үшін жаңбыр сұраңышы,-деп өтініштерін білдіреді. Молдекең "жарайды" деп уәдесін береді.

Кешке қарақшылар өз ауылында жаңбыр күтіп жайбырақат отырса, ақ жауын көрші ауылға нөсерлетіп құйып кетеді. Аң-таң болған олар молдаға тағы бір қойын жетектеп келіп:

- Молдеке, жаңбыр жауды, бірақ бізге емес басқаға бұйырды ғой! - деп, ренжіген кейіп танытады. Сосын:

- Мүмкін мекенжайдан шатасқан шығарсыз. Міне, сізге тағы бір қой. Біздің ауыл әне тұр деп екінші рет ескертулерін айтып, жөндеріне кетеді.

Сонымен не керек, енді анық бізге жауатын шығар деген үмітпен үйлеріне барып, тағы күтеді. Алыстан будақ-будақ қалын бұлт көрінді. Шәпкілерін аспанға атып енді қуана бергенді жаңбыр қайтадан көрші ауылға құйып кетеді. Қатты ашуланған қарақшылар қайтып келіп:

- Оу, молдеке! Сен өзің әдейі істеп жатсыңба? Біздің ауыл анау тұр деп ескертпедік пе?! Дұға қылсаң "дәлдеп" дұға қылсай! - деп зекей бергенде, молдекең шыдай алмай:

- Айналайындар-ау, көрші ауылдың малын емес, өздеріңнің адал малдарыңды әкелсеңдерші,- деген екен.

Табыстың кімге қалай келіп, шығып жатқанын Құдіреті шексіз Алла Тағала көріп-біліп тұр. Бірінші өзімізді түзейік, сосын басқаның түзелуіне жол ашылар.