Ертеде ауыл тұғындарының барлығына ұнамсыз бір кісі болыпты. Жанына жуып кеткен кісіге өз зиянын тигізіп, соңын жаға жыртысуға дейін апарып, екінші жоламайтындай қылып жібереді екен. Ауыл тұрғындарының барлығы дерлік одан құтылуды қалайтын. Алайда, әлгі кісінің жары өзін қанша ұрып-соқса да еріне қарсы сөз айтпайтын көрінеді. Күндердің бірінде қиқар мінезді көкеміз төсек тартып жатып қалады. Күн өткен сайын дерті асқынып, салмағын жоғалтып, қу сүйекке айналады. Қанша жаман болса да ерінің саулығын тілеп, әйелі әр намазында көз жасын төгеді. Сәске уақытында ерінің жағдайын білуге жанына келгенінде, жансызданған денесінің серейіп қалғанын байқайды. Жұбайынан айрылу кімге жеңіл тисін? Егіліп ауыл имамының үйіне келеді. Жағдайға қаныққан имам көп ойланбастан: «Еріңіздің еш мешітке келгенін көрген емеспін. Қай көргенімде болсын көрінген адаммен ренжісіп, жаға жыртысып жататын. Ренжімеңіз, күйеуіңіздің жаназасын шығара алмаймын», – деген күтпеген жауап айтады. Шарасыз әйел үйіне келіп, е