Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 73 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Бюджет есебінен бой көтеріп жатқан үйлерде барлығы 2449 пәтер болады. Биыл оның 500-і, яғни 35 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.