АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей арасында талас болып келген 142 мың тоннаға жуық техникалық мұнай «Қазтрансойл» компаниясының меншігіне өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жалпы отырыста министр Қазақстан мен Ресей елдерінің Үкіметтері арасындағы «Туймазы - Омбы - Новосибирск-2» және «Омбы - Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялауға байланысты заң жобасын таныстырған болатын. «КСРО кезінде еліміздің магистралдық мұнай желісі бірыңғай жүйеде болатын. Бірақ, Кеңес үкіметі тарағаннан кейін құбырлар әр мемлекеттің аумақтық қағидаты бойынша бөлініп кеткен еді. Алайда, «Туймазы - Омбы - Новосибирск-2» мұнай құбырының Қазақстан бөлігіндегі 62 048 тонна технологиялық мұнайдың меншік құқығы айқындалмай қалып кеткен. Сонымен қатар, «Омбы - Павлодар» мұнай құбырының Ресей учаскесінде 1
Қазақстан мен Ресей арасында талас болған 142 мың тонна мұнайдың тағдыры шешілді
8 ноября 20188 ноя 2018
46
3 мин