1,0×
279 просмотров · 10 месяцев назад
00:00/01:22:30
Описание
🕌 🇰🇿 🌹💚🌹 Қасымның әндерне арналған ән кеш 🌹💚🌹 🇰🇿 🕌
10 месяцев назад • 279 просмотров6 поставили "Нравится"
Биыл қазақтың хас ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып, біраз жыл ағасының қолында өседі. Ес білген соң туған ауылында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады.1924 жылы Семей қаласындағы интернатта білімін жалғастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп, одан әрі үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жаза бастаған. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды.
Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Осында жүріп, 1933 жылы Отан алдындағы борышын өтеп, әскерге барып қайтады.
Қасымның арынды ақын ретінде қалыптасуына Орал қаласының тигізген әсері ұшан-теңіз.
Осы өңірде жүріп ол ең алғашқы алаулаған махаббат туралы, жалынды жастық жайындағы жырларын дүниеге әкелді. 1935 жылы Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, оның жұмысын іскерлігінің, шығармашылық әлеуетінің арқасында дөңгелетіп әкетті. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Осы кездері ақынның әншілік, артистік қырлары кеңінен танылған болатын.
Ал 1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алатау баурайындағы ару қала Алматыға барып, сол кездегі бас басылымдар болып саналған «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет атқарады. Осында жүріп, яғни 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағын «Өмір сыры» деген атпен жарыққа шығарады.
Ол өз шығармашылығымен ғана шектеліп қалмай, Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлай отырып, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйренді. Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А.Пушкиннен, М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийден шебер аудармалар жасады.
Сондай-ақ, Қасым лирикалық өлеңдермен қатар сүйекті туындылар жазуды да қолға алады, «Құпия қыз», «Бикеш» секілді алғашқы поэмаларын жазады.
Қасым халықтың жанына үңіліп, оның шаттығына бірге шаттанады, мұңына бірге мұңаяды… Қасым поэзиясы домбыраның сағағынан күмбірлеп сорғалаған қоңыр күйге ұқсайды. Бұл күйден көңілінің санасы барлар әрқашанда мол ләззат, нәр алып, кең тыныс табады. Қаншама тыңдасаң да жалықтырмайтын өміршіл күй бұл!
Сезіміңді тереңдетіп, мейіріміңді молайтып, қиялыңа қанат қақтыратын, жаныңды шабыттандыратын Қасым поэзиясы жаңарған өмірге әржақты жараса бермек. Сондықтан да өлімнің құшағына симайтын ақындардың бірі өзіміздің Қасым деп білеміз», - дейді Қасым ақын туралы Тәкен Әлімқұлов.
Ақынның соғыс басталғаннан аяқталғанша қан майданда жүргенін барлығымыз білеміз. Басында Қиыр Шығыста тыныштық күзеткен қаламгер кейіннен батыстағы нағыз қан кешкен қырғынға аттандырылады. Қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады.
Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде «Орал», «Сарыарқа», «Байкал», «Өтіп бара жатырмын» тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді.
Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады. «Достар», «Туған жер», «Құрбыма», «Сауыншы жеңгейдің жыры», «Домбыра», «Май келді», «Күйім тасып барады, күйім тасып», т.б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады.
1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі «Өзім туралы» толғауын аяқтайды.
Қасымның өлеңдері «Гроза» деген атпен 1946 жылы, «Стихи» деген атпен 1949 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылады. Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17-сінде қайтыс болды.
Қасымның ауыр толғақ, жан күйзелістері үстінде 1938 жылдың өзінде-ақ, жазған белгілі өлеңі – «Сұлтанмахмұт туралы балладасы». Ақын онда сол кезде екінің бірі батылдық жасай алмайтын шындықты айта алды. Сұлтанмахмұтты жақтайтын жас ақын мен оны жау санайтын әдебиетші ақын қабірінің басында пікір таластырады.
Сөзімізді Серік Қирабаевтың: "Поэзиядағы ой-пікірдің байлығы мен сезімнің шыншылдығы, өлең сөздің тапқырлығы қатар келетін Қ.Аманжолвтың өлеңдері талай ұрпақпен сырласып, оның жанын тебіренте алары сөзсіз" деген ойларымен бітіруді жөн көрдік.
💚🎶 🎼 🌹 Сағындырған Әндер Ай 🌹 🎼 🎶💚
Подборка ·
🕌 🇰🇿 🌿🌷☘️ Ұлы дала сазы 🎼 🎼 🎼 Музыка великой степи 🌿🌷☘️ 🇰🇿 🕌
· 36 из 69Далее: 🕌 🇰🇿 🌿☘ 🍀 Ауыл 🌹💚🌹 Жаз жайлау. «Ұмытылмас әндер» 🌿☘ 🍀 🇰🇿 🕌
💚🎶 🎼 🌹 Сағындырған Әндер Ай 🌹 🎼 🎶💚 · 36 из 69