Найти в Дзене
Resmi news

Resmi news

Официальные новости государственных органов Республики Казахстан
подборка · 27 материалов
ОКҚ алаңында өткен брифингте өңір басшысы Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Мәселен, БАҚ өкілдері облыста халқы аз ауылдардың тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің қалай шешілетіні туралы сұрады. Спикер атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі 2025 жылдың соңына дейін толық шешілуі тиіс. Облыста 367 елді мекен бар. Сумен жабдықтау жүйесі 82 елді мекенде жоқ, оның ішінде 200 адамнан аз тұрғыны бар 26 аз қоныстанған елді мекен бар. «Өткен жылдан бастап біз осы аз қоныстанған елді мекендерде кешенді блок-модульдерді орната бастадық. Биыл 12 ауылға осындай блок-модульдер орнатылады. Қалған 14 елді мекенде олар 2024 жылдың ішінде орнатылады», – деді өңір басшысы. Ірі елді мекендерге келетін болсақ, биыл орталық сумен жабдықтауға 32 елді мекен қосылатын болады. Жыл қорытындысы бойынша орталық сумен қамтамасыз ету 96,5% құрайды. 2025 жылдың соңына қарай облыс халқы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі, деп сендірді әкім. Журналистер назар аударған облыс орталығындағы қоғамдық көлік жұмысындағы кемшіліктерге тоқтала келе, өңір басшысы қазіргі уақытта Тараз қаласында 34 бағыт жұмыс істеп тұрғанын, 360-370 жуық автобус жүріп-тұратынын атап өтті. «Біз жүргізген талдауға сәйкес, қосымша тағы 15 бағытты ашу туралы шешім қабылданды. Біз мәселені шешудің бірнеше нұсқасын қарастырдық. Нәтижесінде кәсіпкерлерге жыл сайын жаңа автобустар сатып алуға облыстық бюджеттен субсидиялар бөлу туралы шешім қабылданды, әкімдік шығындардың бір бөлігін өз мойнына алады. Егер 2022 жылы осы мақсаттарға 1,9 млрд теңге бөлінсе, биыл ол - 2,9 млрд теңге», – деді облыс әкімі. Өңір басшысының айтуынша, өткен жылдан бастап Таразға 100 жаңа автобус келген. Үш жыл ішінде тағы 200-250 автобус сатып алу жоспарлануда. «Бұдан басқа, біз облыс орталығы мен аудандар арасындағы, сондай-ақ аудандар арасындағы бағыттарды ұлғайту мәселесін қойып отырмыз. Тек биылдың өзінде ғана қосымша 19 бағыт ашылды», – деді Н. Нұржігітов. Өңір басшысы медициналық қызметтердің сапасы мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, облыста келесі жылдан бастап үш аудандық аурухананы қайта жөндеу және үш ауданаралық аурухананы пайдалануға енгізу жоспарлануда. Бұл медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және пациент Тараз немесе Алматы қаласына бармай-ақ, күрделі оталарды жүргізудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Алайда, бұл орайда кәсіби кадрлардың болуы мәселесі бар. Өңір басшы атап өткендей, қазіргі уақытта әкімнің гранттары бойынша медициналық жоғары оқу орындарында 42 студент оқиды, тағы 100 студент резидентурада оқиды, олардың 85-і биыл облысқа келуі тиіс. Екінші бағыт – жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің біліктілігін арттыру. «Биыл облыстық бюджеттен Түркия мен Оңтүстік Корея клиникаларында тәжірибе алу үшін Жамбыл дәрігерлерінің баруына 60 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, біз Ресей, Германия және басқа елдерден мамандарды тарта отырып, үнемі шеберлік сабақтарын өткіземіз», – деп түйіндеді әкім. ortcom.kz/...572
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ОКҚ өткен брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отырғанын жеткізді. Облыстың ЖӨӨ өткен жылдың қорытындысымен 2 трлн 749 млрд теңгені, нақты көлем индексі 105,3%, 2023 жылы қаңтар-сәуір айларында экономикалық өсім 103% құраған. Биылғы 4 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 292,4 млрд теңгені құрап, 103,7% болып қалыптасты. Өңдеу саласының драйверлері қатарында минералды тыңайтқыш өндірісі - 3,1 есе, қант 27,9%, ірімшік және сүзбе 32,4%, жеңіл өнеркәсіп 22,5% өскен. Әкім саладағы 834 кәсіпорында 43,1 адам жұмыспен қамтылған. 2023 жылы саладағы өнім көлемін 105%-ға көтеру міндеті тұрғанын айтты. Сонымен қатар ол есепті кезеңде өңірде 89,1 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 7,4% құрағанын атап өтті. Жалпы, өңірге 572 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. «Биыл 85,4 млрд теңгеге 491 жұмыс орнын құрайтын 21 инвестициялық жоба іске асырылады. Ал 2025 жылға дейін 1 трлн 900 млрд теңгеге 4 мың жұмыс орнын құра отырып, 60 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда», – деді Н. Нұржігітов. Бірқатар шетелдік инвесторлар Жамбыл облысында ЖЭС салуға қызығушылық танытып отыр. Бұл ретте бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде, салаға тартылатын қаржы көлемі шамамен 3 млрд АҚШ долларынан асады және облыстың ЖЭК-нің республикадағы үлесі 40%-ға дейін жетеді. «Өңірде шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, биылғы 4 айда ШОБ саны 102,9 мың бірлікті құрап, 37,7%-ға артты. Өткен жылдың қорытындысымен осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 151,9 мың адамға, яғни 22,6%-ға ұлғайды», – деп нақтылады әкім. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 198 жобаға 10,7 млрд теңге несие берілген. Сондай-ақ ұлттық жоба аясында 1100 кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсету арқылы жұмыс істейтін субъектілер саны 106 мыңға дейін артып, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 155 мыңға дейін артады деп күтілуде. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 70,7 млрд теңгеге 190 жоба қаржыландырылды. Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға биыл 27,4 млрд теңге субсидия бөлініп, нәтижесінде 4 айда өнім көлемі 2,1%-ға артып, 57,5 млрд теңгені құрады. Биыл салада 11 млрд теңгеге 11 инвестициялық жоба іске асырылады», – деді облыс әкімі. Ол мал шаруашылығындағы айтарлықтай өсім туралы баяндады. Мәселен, осы 4 айда 36,2 мың тонна ет, 84,3 мың тонна сүт өндірілген. Жыл қорытындысымен салаға өнім көлемі 10%-ға, ал техниканың жаңару деңгейін 12%-ға арттыру міндеті тұр. Жалпы 2025 жылға дейін 181,2 млрд теңгеге 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын 23 инвестициялық жобаны іске асыру межеленген, деп түйіндеді әкім. ortcom.kz/...899
Елімізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматына 1 электромобильді кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босата отырып, жеке пайдалану үшін әкелуіне рұқсат берілген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімінің 3-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, меншік құқығын растау, көлік құралын қолдану сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып (CMR, ТКҚ, инвойс, КҚП), азаматтар жолаушылар кеден декларациясын өз қолымен толтырып, кедендік рәсімдеуден өту үшін, кеден бекетінің инспекторына жүгіне алады. Сонымен қатар, декларацияны тапсыруға және толтыруға, декларация бланкісін алу үшін ешқандай ақшалай төлем қажет емес. Бұл ретте, азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салынатынын ескертеміз dknews.kz/...din
Қазақстанда алғашқы криминалистикалық цифрлық зертхана іске қосылды. Ол ІІМ орталық аппаратының базасында орналасқан Аталмыш зертхананың мамандары екі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі – қызметкерлер бағдарламалық-аппараттық кешендерді пайдалана отырып, компьютерлік-техникалық зерттеулер жүргізеді. Екіншісі – биометриялық белгілер бойынша жеке басты сәйкестендіруді (бейнелер аналитикасы) пайдалана отырып, фото/видео бойынша портреттік зерттеулер жүргізу. Бұл қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды автоматты түрде анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар криминалистикалық цифрлық зертхана алаяқтар құрбандарының санын азайтуға, кінәсіз адамды ұстау қаупін болдырмауға, құқық бұзушыларды анықтауға және тергеу кезінде дәлелдемелік базаны бекітуге мүмкіндік береді. – Мұнда жаңа құрылғылар бар, қысқа мерзімде компьютерлік техникалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалық жасақтама орнатылған. Бүгінгі таңда бұл ІІМ жүйесіндегі зерттеудің жаңа түрі. Жоба Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында іске қосылды. Жеке басты сәйкестендіру жүйесі бойынша жақсы нәтижелер бар. Қазірдің өзінде біз барлық жасырын ұрлықтарды кеңседе отырып-ақ ашамыз. Криминалист адамдарды қашықтан анықтай алады, – деді ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің басқарма бастығының орынбасары Мұхит Сүлейменов. Бұл шара жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етеді, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алудың ең жақсы тәсілі болып табылады, елдегі азаматтардың қауіпсіздігін арттырады. Жалпы криминалистердің жұмысы сан қырлы. Сондықтан қызметкерлер үшін өз қабілеттерін дамыту және материалдық-техникалық жабдықтарды жақсарту маңызды. – Бүгін біз ішкі істер министріне әлемдік криминалистиканың жаңа әзірлемелерін таныстырдық. Бүгінгі техника қылмыстың көрінбейтін, жасырын іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бізде еліміздің жедел-криминалистикалық қызметтерінің барлық басшылары үшін тренинг өткізілуде. Оларды жаңа техникамен жұмыс істеуге үйретіп жатырмыз, – деп атап өтті ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департамент бастығының орынбасары Сергей Стихеев. Айта кету керек, ІІМ-де барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істейді. Онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. polisia.kz/...ldy
elicense.kz порталында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі автоматтандырылды. Аталмыш қызметті жеке тұлғалар тегін ала алады. Енді ҚР ДСМ 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық халық саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалаудан, білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен медицина қызметкерлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі. Сертификат алуға өтініш беру үшін не қажет: Сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта); Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны); Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта); Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта); Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта); Маман сертификатын алу үшін пайдаланушы elicense.kz порталында электрондық өтінішті толтырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні. Қызмет көрсету нәтижесі маман сертификаты түріндегі рұқсат құжаты және пайдаланушының «Қызметтер алу тарихы» модуліндегі «Жеке кабинетіне» жіберіледі. Өтініш бойынша бас тарту болған жағдайда дәлелді бас тартудың нәтижесі сақталады. Қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды. dknews.kz/...iya
ОКҚ өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берді. Әкім облыстың экономикасы тұрақты дамып келе жатқанын айтты. Биылғы 4 айдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер оң динамиканы сақтауда. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1,1 трлн теңгені құрайды. «Өнеркәсіптің фармацевтика, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, қағаз өнімдері өндірісі салаларында өсім 20%-дан 60%-ға артты. Негізгі капиталға 25%-ға өсіммен шамамен 176 млрд теңге инвестиция салынды. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 793 млрд теңге деңгейінде инвестиция күтілуде. Соның нәтижесінде 2 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылады», – деді облыс басшысы. Ауыл шаруашылығы бойынша облыста 24 мыңнан астам адам еңбек етеді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауылдардың тұрғындарына 3,4 млрд теңге көлемінде 600-ден астам несие берілмек. Бұл ретте көп балалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және NEET санатындағы жастарға ерекше көңіл бөлінетін болады. Оған қазірдің өзінде 353 өтініш қабылданған. «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 65 млрд-қа жетті. Шаруашылықтарда малдардың негізгі түрлерінің саны өсуде. Біздің мақсатымыз – бес жылдың ішінде өз өнімдерімізбен 80% қамтамасыз етуге қол жеткізу», – деп нақтылады Е. Бөлекпаев. Облыс бойынша ауылдардағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін 92 денсаулық сақтау нысаны салынады. Балқаш пен Теміртау қалаларында ауданаралық орталық ауруханалар ашылады. Дегенмен, нысандардан басқа, кадрлар да қажет. «Алғаш рет ауылдық жерлерге медициналық мамандарды тарту үшін оларға 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін қосымша қаржылай қолдау көрсеттік. Сондай-ақ медицина қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру қарастырылған. Оқудан 260 адам өтеді, оның ішінде шет елдерде де», – деді облыс әкімі. Сонымен қатар Қарағанды облысында 2025 жылға дейін 22 мектеп салу жоспарланған. Мектептердің автобус паркі екі есеге ұлғайтылған. «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. Облыста алғаш рет аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығы ашылды. Биыл Қарағанды қаласында үшінші Оқушылар сарайының құрылысы басталып кетті», – деді әкім білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар ете отырып. Е. Бөлекпаев облыстың автожолдарының жөнделуі туралы баяндады. Жөндеу жұмыстарымен 1374 шақырым автожол, оның ішінде облыстық және жергілікті маңызы бар 700 шақырым автожол қамтылады. «Нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 92%-ға дейін жеткізіледі. «Орталық-Оңтүстік» үлкен жобасын қоса алғанда, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда. Биыл «Қазавтожол» Қарағанды-Балқаш республикалық автожолының 4 жолағы бойынша жол ашуды жоспарлап отыр. «Қарағанды-Қарқаралы» автожолының 5 учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасады, «Қарағанды-Жезқазған» автожолын қайта жаңартудың үш жылдық жобасы басталады», – деп түйіндеді әкім. ortcom.kz/...425