Әлемнің ең жұмбақ орындары. 3-бөлім
13. "Тозақ қақпасы" – Түрікменстандағы Дарваза кратері Түркіменнің Қарақұм шөлінде Дарваза газ кратері бар. Бұл отты шұңқырдың диаметрі 60 м және тереңдігі 20 м дейін жетеді. Осы отты шұңқыр - мұнда жүргізілген КСРО кезіндегі геологиялық зерттеулердің нәтижесі болып табылады. Кейін кратердің кеңес бұрғылау мұнарасын жұтқан фактісі бар. Қазу кезінде геологтар табиғи газы бар жерасты кавернасын тапты. Ол көптеген адамдардың қаза табуына әкеп соқтыруы мүмкін еді. Шағын мәжілістен кейін ғалымдар газды жағуға шешім қабылдады...