Найти в Дзене

Бұрыннан арнамда Қазақ тілі қорында ұқсас сөз, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омоним) барын айтқанмын

В ответ на пост Бұрыннан арнамда Қазақ тілі қорында ұқсас сөз, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омоним) барын айтқанмын. Мағынасы бойынша мысалдар: Түркизм – кірме Ару/Ар (таза, жақсы) – ар (-ұждан, намыс, абырой); Ара (жәндік) – ара (ағаш кескіш); Бақ (ағаш-шөп, шағын тоғай) – бақ (ырыс, жол болғыштық); Құмар (мұра, мирас) – құмар (құштарлық, ынтызар); Жұрт (орын, мекен) – жұрт (ағайын, халық); Енді осы тізімге "сайқал" сөзі де кіретіні бар екен. Алдыңғы постта "сайқал" дегеннің "салдақы, жезөкше" мағынасы арабизм (2-ші фото) екенін жазбаппын (сол кезде қайнаркөзін таппап едім). Қырғыздар "жезөкше" мағынасында "сайқол" дейді екен. Түркизмде "сұлу" мағынасын береді (1-ші фото).

В ответ на пост

Бұрыннан арнамда Қазақ тілі қорында ұқсас сөз, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омоним) барын айтқанмын. Мағынасы бойынша мысалдар:

Түркизм – кірме

Ару/Ар (таза, жақсы) – ар (-ұждан, намыс, абырой);

Ара (жәндік) – ара (ағаш кескіш);

Бақ (ағаш-шөп, шағын тоғай) – бақ (ырыс, жол болғыштық);

Құмар (мұра, мирас) – құмар (құштарлық, ынтызар);

Жұрт (орын, мекен) – жұрт (ағайын, халық);

Енді осы тізімге "сайқал" сөзі де кіретіні бар екен. Алдыңғы постта "сайқал" дегеннің "салдақы, жезөкше" мағынасы арабизм (2-ші фото) екенін жазбаппын (сол кезде қайнаркөзін таппап едім). Қырғыздар "жезөкше" мағынасында "сайқол" дейді екен.

Түркизмде "сұлу" мағынасын береді (1-ші фото).

-2