Туғаннан безгенді көрдім,
Жығылғанға күлгенді көрдім.
Өсекті тергенді көрдім,
Өзім деп өлгенді көрдім.
Атаққа ергенді көрдім,
Ақшаға сенгенді көрдім.
Арзанға иілгенді көрдім,
Жалғанға көнгенді көрдім.
Жақыннан алысты көрдім,
Бұл күнде бәріне көндім...
✍🏻Айзада Мусабаева