1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол. 2. Ата-анаңды сыйла. 3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме. 4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің. 5. Бауырмал бол. Қолыңнан келгенше, адамдарға көмектес. 6. Нәзік жандыларды және олардың таңдауын сыйла. Ішінде біреуі жарың болуы мүмкін. 7. Айтарын айтып, өзің басқа тірлік жасап жүрген жарамайды. 8. Салмақты бол. Ер бол. 9. Ер адам тұлғасына мән беруі тиіс. Сырадан пайда болған қарын ешкімге әдемілік сыйлаған емес. 10. Үнемі ақылыңды толықтыр. 11. Заң қызметкерлерінен қашпа. Әсіресе, полиция қызметкерлерінің шенін жатқа біліп жүр. Есіңде болсын: бір жолақ – кіші офицерлік құрам, ал екеу болса, аға офицер. 12. Киім кию мәдениетін сақта: шалбардың ұзындығы өкшенің ортасынан аспауы тиіс. Пенжактың жеңі жейденің манжетін жаппау