Найти в Дзене
WomenStar

Орди Хепберн- сұлулық символы

Одри бала кезінен жұқпалы ауру, ашаршылық, соғыс, куғын-сүргін, қиындықтың бәрін көрген.

Оның анасы өте толық әйел болыпты. Ол жалғыз қызына " мен сияқты толық болсаң, бағын ашылмайды" деп миына кұйган екен.Одридін санасына содан бері тамақты аз ішу керек деген бағдарлама жазылған шығар. Өмір бойы салмағы 45-тен аспаған.

Орди өте сауатты әйел болған. Ағылшынша, французша, голланд тілінде, испан тілдерінде еркін сөйлеген. Психологиямен айналысқан. Ол үш рет тұрмыста болған. Өзі сұлу болса да, күйеулері " изменять" еткен. Одриді Голливудтің бәрі жақсы көріп,  "королева красоты" болғандығынан күйеуі Мэл Ферар қызғаныштан ішіп, басқа әйелдерге барған. Одри нағыз әйел болған, съемкаларына күйеуінің рұқсатымен барып, үйде оның тамағын істеп, жағдайын жасаған.

Орди Хепберн балалы болуды армандайды, бірақ түсік тастай берген. Бала күнінде көп ауырғандықтан, асқазаны дұрыс жұмыс істемеген. Швейцарияда емделіп, екі ұл туады. Екінші рет психиатрға тұрмысқа шығады, екінші ұлын туған. 

Орди нағыз махаббатын 50 жасында тапқан деседі. Күйеуі екеуі ерекше гармонияда тұрған. Олар Швейцарияда шағын үйде өмір сүрген. Орди қайырымдылықпен көп айналысқан. 30 жыл бұрын қайтыс болса да, бүкіл әлем Ордидің сұлулығына әлі тамсанып жүр.