Найти тему
Qogam-media

Абай облысындағы орман өртінің түтіні Жетісуға жетті

Абай облысындағы алапат өрттің түтіні желмен көршілес жатқан Жетісуға жетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті. Ал тұрғындар болса, Ақсу, Алакөл, Сарқан, тіпті Талдықорғанды түтін басуда деп дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Аgroqogam.kz.

Бүгін таңертең Жетісу облысы әкімдігі тұрғындар мен өңір қонақтарына ескерту жасады. Әкімдік таратқан ақпаратқа сай, жел бағытының өзгеруі салдарынан бірнеше ауданды түтін басқан.

«Абай облысындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше ауданының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болып, маска киюді сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі», – делінген хабарламада.

Редакцияға белгілі болғандай, қою түтінді Алакөл ауданы, Сарқан, Ақсу аудандарының тұрғындары сезініп жатыр.



#agroqogamkz #agro
Продолжение у нас на сайте

#agronews