Петропавлдық наубайшы күніне 3 тонна қамыр илейді. Облыс тұрғындарының дастарханынан нан үзілмеу үшін Зүлфия Есмағанбетова басқалар шырт ұйқыда жатқанда жұмысқа барады. Ол 14 жылдан бері өңірдегі ең ірі нан-тоқаш комбинатында еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Mediaтілшісі. Солтүстік Қазақстан халқы жылына 18 мың тоннаға жуық нан тұтынады. Оның басым бөлігі жергілікті комбинатта өндіріледі. Тұрғындардың дастарханынан ас атасы үзілмес үшін наубайшылар күндіз-түні тер төгеді. «Комбинатта жұмыс істеп жүргеніме 14 жылдан асты. Нан дастарханымызға оңайлықпен келмейді.Халқымыз нанды ас атасына балап, қастерлейді. Оны пісіру де оңай емес. Әр бөлкенің дәмді болуы – қамырына байланысты, яғни менің жұмысыма. Қамыр сәтті шығуы үшін бар ынта-ықыласыңмен илеу керек. Қазір техника адамның жұмысын айтарлықтай жеңілдеткен заман. Бірақ суын, ашытқысын, ұнын – бәрін өзіміз өлшеп қосамыз. Иін қандырып, қамырды бөлушілерге жіберемін. Күні бойы осы жұмыс қайталана береді. Нанның түр-түрі бар. Соның