Өңірге жұмыс сапарымен еліміздің Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев келіп кетті. Азамат өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте облыстағы экологиялық жағдай басқаларымен салыстырғанда тұрақты екенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Mediaтілшісі. Облысқа ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 25,7 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40% – ға төмен. Вице-министрдің айтуынша, мұндай нәтижеге тиісті шараларды жүзеге асырудың арқасында қол жеткіздік. Алайда облыстағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының басым бөлігі ережеге сәйкес келмейді. «Биыл ғарыштық бақылау барысында рұқсат етілмеген 163 қоқыс полигоны анықталды. Оның 98% жойылды. Ендігі кезекте су шаруашылығына тоқталайық. Халықты таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін биыл 1,2 млрд теңгеге өтінім берілді. Нәтижесінде, 3 жоба қолға алынбақ. Булаев, Есіл сонымен қатар Преснов топтық су құбырларының апаттық учаскелері ретке келтіреді деп көзделген», – деді Нұркен Шәрб