Найти тему
Qazaqstan Media

Енді жеке куәліктерге саусақ іздері қосылады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ел азаматтарының жеке куәлігіне саусақ іздері қосылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«16 жасқа толғандар үшін құжатты алған кезде, сондай-ақ олардың жарамдылық мерзімінің аяқталуына немесе жоғалуына байланысты құжаттарды ауыстырған кезде қазақстандықтар саусақ ізін тіркеу рәсімінен өтеді», – делінген хабарламада.

13 сәуірге дейін «Төлқұжатты, жеке куәлікті, шетелдіктерге тұруға ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасын талқылау жүзеге асырылады.