Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Биыл қазақстандықтар аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлайды

Биыл ел тарихында алғаш рет қазақстандықтар аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау құқығына ие болады. Бұл туралы жаңа Парламент алдында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл елімізде 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері тікелей сайланбақ.

«Осылайша, биліктің барлық институттары жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайды. Біз саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте береміз», – деді Президент.