Бүгінгі күні алаяқтардың құрбанына айналған қазақстандықтардың саны күннен күнге артуда. Мәселен, өткен жылы ел бойынша 20 мың факті тіркелсе, соның 1мыңға жуығы СҚО-да орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 5 жылда өңірде тіркелген алаяқтық фактілерінің саны жеті есе өсті. Мәселен, 2018-ші жылы киберқылмыстың 143-і, өткен жылы 991 факті тіркелді. Былтыр ел тұрғындарына 14 млрд теңгеге шығын келтірілген. Өңір тұрғындары 2 млрд теңгені алаяқтардың қолына ұстатып қойған. Ал жасаған қылмысы үшін жаза алып жатқан қылмыскерлер өте аз. Соңғы 2 жылда қылмыстық жауапкершілікке небәрі 130 алаяқ тартылды. Жалпы мамандардың сөзінше, алданатын азаматтардың басым бөлігі зейнеткерлер мен 32-40 жас аралығындағы ересектер. «Алданатын азаматтардың басым бөлігінің құқықтық сауаттылығы төмен. Құқық қорғау органдарының ескертулеріне қарамастан алаяқтарға алданып, мүлкі мен ақшаларын беріп қоятындардың саны жылдан жылға артып келеді. Мұнымен қоса алая
Соңғы 5 жылда өңірде тіркелген алаяқтық фактілерінің саны 7 есе өскен
28 марта 202328 мар 2023
~1 мин