Найти тему
Qazaqstan Media

Ербол Хамитов әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов парабиатлон бойынша әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Наурыздың 1-і Солт-Лейк-Ситидегі Солдат Холлоу шаңғы базасында пара-шаңғы және парабиатлон бойынша әлем кубогының финалдық кезеңі басталды. Кеше жарыс жолына шаққан жерлесіміз Ербол Хамитов 12,5 шақырым қашықтықты 42 минут 17 секундта бағындырып, күміс жүлдеге ие болды. Финалдық кезеңде бірінші орынды украиналық Тарас Рад жеңіп алды. Қола жүлде де украиналық спортшы Васил Кравчукке бұйырды. Айта кетейік, жарыс наурыздың 9-ына дейін жалғасады. Оған елімізден Александр Герлиц пен Ербол Хамитов қатысуда.