Климаты қатаң Маңғыстау өңірінде тәуекелге бел буып, мал шаруашылығын мықтап қолға алған азаматтар баршылық. Соның бірі – 32 жастағы Лесов Темір Сәкенұлы. Ол бүгінде Маңғыстаудағы алғашқы ет өңдеу комбинатын ашу бойынша жұмыс істеуде. Күніне 5 тонна ет өнімін шығаруды мақсат тұтқан кәсіпкер кәсібі, субсидиялау жүйесіндегі олқылықтар мен өңірдегі осы саладағы негізгі проблема туралы әңгімелеп берді. Маңғыстауда 16 мың аналық бас ірі қара ғана бар Маңғыстаудың тарихи статистикасына көз жүгіртсек, 1908 жылы Адай уезінде 1,6 млн қой-ешкі, 82,5 мың түйе мен 93,3 мың бас жылқы бар екені айтылады. Ал қазір орта есеппен өңірде 144 мың жылқы болса, қойдан 430 мың бас қана қалған. «Көркем әлем» ет өңдеу кәсіпорнының негізін қалаушысы Темір Лесовтың айтуынша, Маңғыстауда сиыр саны тіптен аз – бүгінде 16 мың аналық бас ірі қара ғана бар. Соған қарамастан, бастамашыл азамат биыл қараша айында Маңғыстаудағы алғашқы ет өңдеу комбинатын іске қоспақ. Айтуынша, қуаттылығы жөнінен комбинат күніне 300 ба
Темір Лесов: «Маңғыстауда сиыр болмаса да, ет өңдеу кәсіпорнын аштық»
16 сентября 202216 сен 2022
1 мин